Батыр ұрпақтарымен кездесу

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен батырдың ұрпақтарымен кездесу өтті. Өткізілген шараға ақтөбелік батырлардың ұрпақтары, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі, облыстық, қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент, ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігі өкілдері шақырылды.
Кездесуде Ұлы Отан соғысы тарихы туралы айтылып, ел қорғаған батырларды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры Қ.Жазықовтың қызы Л.Жазықова батыр атындағы мектептен оқу бітіріп, жоғарғы оқу орындарында үздік оқып жатқан студенттерге Қ.Жазықов атындағы шәкіртақы куәлігін табыс етті.
Облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы К.Бірманов, ауған соғысына қатысушы жауынгер-интернационалистер қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Балқасынов, облыстық Қорғаныс Істері жөніндегі департамент бастығы С.Арапбаев сөз сөйлеп, мерейтойлары аталып отырған ақтөбелік батырлардың ерлік жолдары туралы әңгімеледі.
Облыстық тарихи-өлкетану музеінің ғылыми қызметкері Л.Нуркеева мемориалды музей қорына соғыс кезіндегі деректі құжаттарды тапсырды.
Кеш облыстық филармония әншілерінің орындауындағы әндермен, №24 мектеп-гимназиясы және Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының «Мир глазами детей» композициясымен, өлеңдермен әрленіп отырды.