300 адамнан тұратын хор ұжымының концерті өтті

9 мамыр күні Өнер орталығының концерт залында Ұлы жеңіс мерекесіне арналған «Поклонимся великим тем годам...!» атты мерекелік концерт өткізілді. Концерттік бағдарлама барысында облыстық филармония әншілері Серік Жұбатқан «Кестелі орамал», «Тос, мені тос», Айбек Карагулов «Темная ночь», Данияр Кульжанов «Любимый город», «Играй, мой Баян», Уркен Сагиев «Случайный вальс», «Имена», Шаригүл Утегенова «Алеша», София Федоренко «Баллада о красках», Жасарал Ембергенов «Алма бағында» әндерін концертмейстер ҚР мәдениет саласының үздігі Дина Ниязованың сүйемелдеуімен шырқады.
Сонымен қатар алғашқы рет 300 адамнан тұратын хор ұжымдар өнер көрсетті. Атап айтқанда, қалалық мәдениет үйінің Халықтық «Наставник» еңбек ардагерлер, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің А. Ғизатуллина атындағы, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті аралас хор ұжымдары, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының камералық хор ұжымдары қатысып, «Священная война», «Дорожка фронтовая», «Поклонимся великим тем годам», «Озеро», «Эх, Дороги», «Жди меня» т.б әндерін орындады. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген жинақталған хор ұжымының көркемдік жетекшісі және дирижері - Мербол Құспанов. Концертмейстер - Зару Жазыкбаева.