«Тарих таңбасы архив құжаттарында» тақырыбындағы құжаттық көрме

2018 жылдың 10 мамырында Ақтөбе облысы мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі рухани білім мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, құжаттық көрме дайындады. «Тарих таңбасы архив құжаттарында» тақырыбындағы құжаттық көрмеге Ақтөбе облысының тарихынан сыр шертетін аса құнды құжаттар жинақталып, конференция қатысушыларының назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған құжаттар Бүкілресейлік Компартия орталық атқару комитетінің, Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитетінің, облыстың құрылуы, алғашқы басшылары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әкімшілік-территориялық бөлінісіндегі өзгерістер, облыс өнеркәсібінің, ауылшаруашылығының дамуы туралы сыр шертті. Сондай-ақ 1930-1940 жж. «Социалистік жол» және «Актюбинская правда» газеттерінің тігінділеріндегі мәліметтер көпшіліктің қызығушылығын оятты.