Ақын Сұлтан Қалиұлының 75 жасқа толу құрметіне арналды

2018 жылғы 27 cәуірде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 жалпы білім беретін орта мектебінде ақын Сұлтан Қалиұлының 75 жасқа толу құрметіне арналған «Қайсысы күшті?» атты кітаптар шеруін өткізді.
Балалар «Қандай болып өсемін» тақырыбындағы кітап көрмесі арқылы ақынның шығармашылығымен танысты.
4 класс оқушылары ақынның «Қазақстаным», «Астана – символдар қаласы», «Менің елім», «Тұңғыш қазақ ғарышкер», «Әже», «Мамыр келді, алақай!», «Елтаңбасы елімнің» өлеңдерін оқыды. Сергіту сәтінде «Қоян неге қорқақ?» ертегісін тыңдап, «Қайсысы күшті?» кітабына енген жұмбақтарды шешті, санамақ ойындарын ойнады.