"Ғажайып балалық" би әлемі

2018 жылғы 24 сәуірде Қобда аудандық әкімдігі мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен аудандық мәдениет үйі дәстүрлі III "Ғажайып балалық" облыстық балалар би байқауын өткізді.
Биылғы байқау облыстағы "Бақытты бала - Мәңгілік ел кепілі" жобасы мен ҚР Елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Би бәйгесіне Әйтеке би, Ырғыз, Қарғалы, Темір, Ойыл, Мәртөк аудандары мен Ақтөбе қаласынан қатысқан би ұжымдары екі кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін көрсетті.
Облыстық би байқауын Қобда ауданы әкімінің орынбасары Б.Кулов құттықтау сөзімен ашты.
Байқаудың қазылар алқасы: ұстаз, хореограф Наталья Сизова, облыстық халық шығармашылығы орталығының үлгілі «Фрески» би ансамблінің жетекшісі Меруерт Айғара, облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Гүлнара Сейталина.
III "Ғажайып балалық-2018" облыстық балалар би байқауының қорытындысы:
7-10 жас ерекшеліктері арасындағы жеңімпаздар:
I орын: "Әсемназ" би тобы, Ырғыз аудандық мәдениет үйі. Жетекшісі- Ф.Қуаныш, - "Шабыт" би тобы, Сазды қалалық мәдениет үйі, Ақтөбе қ. Жетекшісі- - А.Жарылғасынова.
II орын: Үлгілі "Әсем" би ансамблі, Ойыл аудандық мәдениет үйі. Жетекшісі - А.Ержанова.
III орын: "Айжұлдыз" би тобы, Әйтеке би ауданы. Жетекшісі - А.Жанұзақ.
11-14 жас ерекшеліктері арасындағы жеңімпаздар:
Бас жүлде – «Радуга» би ансамблі, Құрайлы қалалық мәдениет үйі, Ақтөбе қ. Жетекшісі - С.Жараспаева.
II орын: "Шабыт" би тобы, Сазды қалалық мәдениет үйі, Ақтөбе қ. Жетекшісі - А.Жарылғасынова.
III орын: Үлгілі «Нұрсұлу» би ансамблі, Кеңқияқ ауылдық мәдениет үйі Темір ауданы. Жетекшісі - М.Сүйебаева.