Қарғалыдағы «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» байқауы

2018 жылғы 26 сәуір күні Қарғалы аудандық мәдениет үйінде облыста жарияланған Бала жылына орай балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» байқауы өтті.
Байқауға 250-ден астам талантты, дарынды өнерпаздар 7-9, 11-13 және 14-17 жас ерекшеліктері бойынша қатысып, «Вокал», «Аспаптық», «Дәстүрлі ән» және «Хореография» жанрларында бақ сынасты.
Жас өнерпаздарды бағалаған қазылар алқасының құрамы: жазушы, «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мади Раимов, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің оқытушысы, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Айсұлу Абдрахманова, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Лидия Уварова және аудандық білім бөлімінің әдіскері Маншүк Қарақұлова.
Байқаудың төрт аталымы бойынша жеңіске жеткен 8 өнерпаз облыстық кезеңге қатысады. Ал облыстық байқау жеңімпаздарының Гала-концерті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні өтеді.