Аудандық мәдениет және өнер қызметкерлерінің Форумы

2018 жылғы 27 сәуір күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа қадам: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен Ережеге сай Мәртөк, Ырғыз, Алға, Хромтау, Мұғалжар ауданында мәдениет саласы қызметкерлерінің Форумы өтті.
Форумның жұмысына аудан әкімдері, мәслихат хатшылары, облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің өкілдері, ауданның кітапхана, клуб және музей саласының ардагерлері мен қызмектерлері, көркемөнерпаздар ұжымдарының мүшелері, жергілікті ақын-сазгерлер қатысты.
Жиынның салтанатты рәсімінен кейін мәдени-демалыс жұмысы, кітапхана ісінің негізгі бағыттары, мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау және бүгінгі музейдің жетістіктері мен жағдайына арналған секциялық отырыстар өткізілді.
Мәдени шара барысында ауданның «халықтық», «үлгілі» шығармашылық ұжымдарының концерттері, қызықты кездесулер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, мәдениет жетістіктеріне арналған кітап, этно-қолөнер шеберлерінің үздік жұмыстарының көрмесі ашылды.
Соңында Ақтөбе қаласында 4 мамыр күні өтетін Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері Форумының «Рухани қазына» облыстық фестиваліне ауданның ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы, кітпаханасы, музейі және олардың қызметкерлері анықталды.
Форумда «Мәңгілік ел» идеясының орындалуында аталмыш сала қызметкерлерінің рөлі ерекше екендігі аталып өтілді.