- Ақтөбе облыстық планетарийі

1. Ақтөбе облыстық планетарийі.
Қазақстан бойынша тұнғыш стационарлы планетарий Ақтөбе қаласында 1967 ж. ашылды. Ақтөбе планетарийі ғаламат жұлдызды аспанның кереметтілігін дәріптейтін астрономиялық ағарту орталығы. Планетарийдің негізгі бөлмесі – бұл жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болады. Сонымен қатар жұлдызды бөлмеде астрономия, ғарыш, табиғаттану бойынша қызықты дәрістер оқылады. Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», сондай – ақ астрономиялық бұрышпен танысып, көптеген мағлұмат алуына мүмкіндік жасалған.
2. Шығармашылық жұмыстар.
Планетарий іргесінде жаратылыстану ғылымдары мен космонавтика саласына арналған шаралар мен қатар еліміздің дәстүрлі мерекелері де аталып өтілуде. Ақтөбе Планетарийі 2008 жылы, құрамында елуге жуық Ресей және Еуразиялық Планетарилерінің ынтымақтастық ассоциациясы мүшелігіне енді.
Бүгінгі Планетарий: Оқушылар мен студенттерге арналған ғылыми танымал, балалардың бағдарламасын өткізу; телескоппен бақылау жұмыстарын ұйымдастыру; базадан тыс шаралар, көрмелер, конкурстар, конференциялар өткізу; ұстаздар мен оқушыларға әдістемелік көмек көрсету.
Бүгінде Ақтөбе Планетарийі В. Г. Фесенков атындағы Алматы астрофизика институтымен, Ресей ғылым академиясының бас обсерваториясы, Санкт-Петербургтың Пулков обсерваториясымен, Москва, Орынбор, Төменгі Новгород планетарийлерімен және Байқоңыр ғарыш мұражайымен тығыз шығармашылық байланыста.
Біздің мекен жайымыз: Ақтөбе қаласы,
Жанқожа батыр көшесі, 50-а
тел/факс: 8 (7132) 211322