- Облыстық Достық Үйі

Облыстық Достық үйі 2008 жылы құрылып, 2009 жылдың қыркүйек айының 10-ы күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысумен салтанатты түрде ашылды. Достық үйінің ғимаратында Ақтөбе облысындағы 18 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Мұнда 300 орындық концерт залы, салтанат, хореография және конференц-залдары, көрме, ЭМҚБ жетекшілерінің жұмыс бөлмелері, асхана және дыбыс жазу студиясы, гардероб орналасқан.
Достық Үйінің басты міндеті - әр түрлі этномәдениеттерді жоғалтпай дамыту, облысымызда тұратын барлық ұлттардың тілдері мен ұлттық дәстүрлерін өркендету жолында айқын, мақсатты жұмыс жүргізу. Облыстық Достық Үйінің мәдени-бұқаралық жұмысы этномәдени қоғамдык бірлестіктермен бірлесе отырып жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жылдан жылға этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздық шығармашылығы кеңейе түсуде. Достық Үйінде этномәдени орталықтардың жұмысын жүйелі түрде қамтамасыз етіп отыру жолға қойылған - ақсақалдар кеңесі, «Мирас» жастар қанаты өз қызметтерін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктер, оқу орындарымен байланыста жүзеге асырады. Осы арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасын табуда. Этно-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептер мемлекеттік тілді, туған тілін үйретуге өз үлесін қосып келеді. Ұлттық мәдениет орталықтарының қызметін насихаттау мақсатында жыл бойы дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер, ардагерлермен кездесулер және т.б. шаралар ұйымдастырылады.
Жыл сайын Республикалық халықтар достығы фестивалі аясында «Бейбітшілік мейрамы» облыстық халықтар достығы мерекесі ұйымдастырлады.
Достық үйі БАҚ өкілдерімен әрқашан қарым-қатынаста.
Ақтөбе қаласы,
Сәңкібай батыра 20 «А»,
тел: 55-00-62, 55-03-42