Кітаптар мерекесі

25 сәуір күні Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Өзбекстан Республикалық балалар кітапханасымен «2018 жыл – Қазақстанда Өзбекстан жылы» бойынша «Әлемдік кітап арқылы танимыз» атты онлайн Кітаптар мерекесін өткізді.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы өзбекстандық оқырмандар үшін «Ұлы Дала ұлылары» атты кітап көрмесін жасақтап, библиографиялық шолу жүргізді. «Желкен» әдеби клубының мүшелері Абай, Нұрпейіс Байғаниннің шығармаларын үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілде оқыды. Сонымен қатар, №31 орта мектебінің оқушылары «Адай» күйін, М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Жансая Камашева Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін ағылшын тілінде орындады.
Өзбекстан Республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан өзбек әдебиетінің атақты жазушыларының шығармашылығымен таныстырып, өзбек ақындарының жырларын оқыды.