«Қаһарман тұлға – Бауыржан Момышұлы» онлайн-конференция

25 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Атырау облыстық балалар кітапханасымен жазушы Б.Момышұлының шығармашылығына арналған «Қаһарман тұлға – Бауыржан Момышұлы» онлайн-конференциясын өткізді.
Шараның мақсаты - Б.Момышұлының шығармалары арқылы оқырманның рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, патриоттық тәрбие беру.
Кітапхана өз кезегінде жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Қазақтың дана, кемеңгер ұлы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіліп, «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ұшқан ұя» шығармасынан монологтар оқыды.
Атырау облыстық балалар кітапханасының «Жас қаламгер» клубының оқырмандары Б.Момышұлына арналған өлеңдер оқып, жазушының шығармашылығы бойынша сұрақтар қойды.