- Облыстық халық шығармашылығы Үйі

1960 жылдың 31 желтоқсанында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 2-419 қаулысы бойынша Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы Үйі құрылды.
Облыстық халық шығармашылығы Үйінің басты қызметі:
- облыстағы, аудандардағы мәдени – көпшілік мекемелері қызметіне әдістемелік, ұйымдастырушылық қолдау көрсету, мәдени мұраларды сақтау, халық және көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту;
- фестиваль, конкурс, көрме, атаулы мерекелер мен өзге де шығармашы жобаларды облыс, республика деңгейінде ұйымдастыру;
- Түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік мекемелері басшылары мен мамандарының кәсіби біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау;
- Мәдениет мекемелерінің желісі арқылы қоғамдық бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдардың үйлестірушілік байланысын нығайту;
- Облыстағы мәдени-көпшілік мекемелерін қайта жандандыру үрдісін ақпараттық-әдістемелік қамту.
Облыстық халық шығармашылығы Үйінде жас ақындар мектебі, жасөспірімдер патриоттық клубы, «Жазира» халықтық фольклорлық ансамблі, «Назерке» халықтық би ансамблі, «Інжу» «халықтық» вокалдық тобы, «Балаганчик» халықтық клоунада театры «Бипыл» вокалды-аспаптар ансамблі жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта Облыстық халық шығармашылығы Үйінде 105 орындық концерттік зал, хореография, «халық шығармашылығы», «мониторинг және әдістемелік бөлімі», «мәден-демалыс жұмысын ұйымдастыру бөлімі», дыбыс жазу студиясы, кітапхана, дизайнер студиясы бар.
Облыстың мәдени өмірін өркендетуге өзіндік таңбасын қалдырып, халық арасындағы дарындарды танымал етуде, бос уақытты тиімді ұйымдастыру арқылы қалың жұртшылықты рухани тәрбиелеуге қызмет етіп келе жатқан облыстық халық шығармашылығы Үйінің жарты ғасырлық тарихы өңірдің мәдени-әлеуметтік дамуымен қатар ұштасқан ұжымның қазіргі қол жеткізген табыстары кезіндегі аға буын өкілдерінің бастамасын кейінгі буын өкілдерінің жемісті жалғастырып, заман талабына сай қызмет етіп келеді.
ГККП «Облыстық халық шығармашылығы Үйі»
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би 39
тел: 21-15-00, 96-05-19