Академикпен кездесу

2018 жылғы 11 сәуірде Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы-зерттеуші Сүлеймен Мақсұтбек Науанұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында архив жұмысының тарихи маңызы, Отандық тарихты зерттеу барысында архивтердің алатын орны туралы мәселелерді талқылау.
Кездесу барысында жазушы-зерттеуші Сүлеймен Мақсұтбек Науанұлы зерттеу жұмыстары барысында архив қызметінің көмегін, Қазақстандағы және жақын шетелдердегі архив жұмысының ерекшеліктерін атап өтті. Қостанай облысы Амангелді ауданының 90 жылдығына орай материалдар іздеу барысында Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві тарихи мәліметтер алуына себеп болғанын атап өтіп, өзінің тарихи монографияларын сыйға тартты, архив қызметкерлерінің жұмысына оң бағасын берді.