Т. Жүргенов туралы тарихи сағат

2018 жылғы 11 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының №36 орта мектебінде Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ел мақтанышы – Темірбек Жүргенов» атты тарихи сағат өткізді.
Шараға қонақ ретінде облыстық тарихи өлкетану музейінің табиғат және экологияны қорғау, ғылыми зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Бекарыстан Мырзабай қатысты.
Темірбек Жүргенов Қараұлы - Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.
Темірбек Жүргенов есімі тек қазаққа қана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады. Ол 1898 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз уезінің «Басықара» деген жерінде дүниеге келген.
Шара барысында Бекарыстан Мырзабай қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов туралы жастарға мол мәлімет берді. Шара барысында «Халықтың асыл перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған кітапханашы Қайнақаева Азатгүл библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Тарих.Тағдыр.Тұлға» атты деректі фильмді тамашаланды.