"Өрелі өнерде - жемқорлыққа жол жоқ» концерт-лекциясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ іс.
Осы мақсатта 2018 жылғы 7 сәуір күні Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде облыстық халық шығармашылығы орталығының Халықтық отбасылық "Шашу" ансамблі "Өрелі өнерде - жемқорлыққа жол жоқ» концерт-лекциясын өткізді.
Концерт-лекцияның басты мақсаты - отбасы құндылықтарын насихаттау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Ансамбль 17 адамнан тұрады. Ансамбльдің барлық қатысушылары талантты және облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары. Ансамбль сазсырнай, қылқобыз, жетіген, домбыра сияқты түрлі қазақ аспаптарында өнер көрсетіп, халық әндері мен күйлерді шебер орындады.