Памфлет кеші

2018 жылдың 7 сәуірі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Дүниежүзілік денсаулық күніне және «Бақытты бала» жобасы аясында №16 орта мектебімен бірлесе «Дені саудың - жаны сау» атты памфлет кешін өткізді.
Шараға №16 орта мектебінің оқытушылары мен оқушылары қатысты.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау қажет. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы - бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.
Кешке оқушылар белсене қатысты. Шара соңында оқушылар Әйгерім Қалаубаеваның «Спорт» әніне флешмоб биледі.
«Дені саудың - жаны сау» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» деректі фильмі және «Денсаулық – өмір негізі» слайды көрсетілді.