Нұрлан Өнербаевтың «Аққуым - әнім» атты концерті өтеді

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 14 сәуір күні 18.00-де Ғашықтар күні мерекесіне орай Өнер орталығы концерт залында әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Өнербаевтың «Аққуым - әнім» атты концерті өткізіледі. Концерттік бағдарлама барысында көрермендердің жүрегінен орын алған «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Аққуым» әндері, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Беу, айдай», «Бипыл» әндері орындалады.