Мазмұнды кездесу

2 сәуір күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті директоры Арман Тілектесұлы Бердалинмен кездесу өтті.
Кездесу барысында ол іссапарының жоспарымен таныстырып, жемқорлықтың жолын кесу жөнінде көптеген келелі əңгімелер қозғады, халықпен бірлесе жұмыс жасайтыны жөнінде айтты. Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтар да аз болмады. Сауалдарға жауап бере отырып А. Бердалин көңіліне қонған ой-пікірлерді жоғарғы басшылыққа міндетті түрде жеткізетінін хабарлады. Жемқорлықтың жолын кесу, онымен күресу үшін әр адам өзінен бастағаны дұрыс деген пікірді алға тартты. Оқырмандар арасынан айтыс ақыны ретінде елге танымал болған ақынға өз өлеңдерін оқып бергендер болды.