Танымал саундтректер орындалады

2018 жылғы 8 сәуір күні Өнер орталығы сахнасында көрермендердің сұрауы бойынша А.Жұбанов атындағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы көркем және анимациялық фильмдер әуендерінің концерті өтеді. Бас дирижер - ҚР мәдениет үздігі Мадина Қабижанова. Көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов. Концерттік бағдарламаға камералық оркестр, камералық хор, камералық хор солистері - Данияр Құлжанов, Гүлфарида Сейілхан, сондай-ақ концертмейстер Зару Жазықбаева, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің студенті Амангелдіұлы Мәди, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенті Мақсұт Әділбек қатысады. Бағдарламада көркем және анимациялық көркемфильмдердің танымал саундтректері орындалады.