«Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі көрсетілді

04 сәуір күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Тайны и судьбы великих казахов» деректі фильмі (Ш. Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығына арналып түсірілген) көрсетілді.
Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын кітапханада өткізу арқылы өзара қарым - қатынасты нығайтуға ықпал ету.
Кітапхананың оқу залында көрсетілген деректі фильмге көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандар жиналды.
Деректі фильм көрсетілер алдында аға кітапханашы М.Тулегенов Ш.Құдайбердиевтің ұлы ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор және Абаймен замандас әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін жалғастыршуы болғанын атап өтті.
Көрсетілім соңында оқырмандар өз пікірлерін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай демалыс сыйлағаны үшін ұжымға алғыс білдірді.