Ж. Сәдуақасовтың туғанына 120 жыл толуына арналды

2018 жылғы 4 сәуірде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қоғам қайраткері Ж. Сәдуақасовтың 120 жыл толуына арналған "Жақсылықты жалау еткен ғазиз жан" атты тағзым сағатын өткізді.
Өскелең ұрпақ арасында Жанайдар Сәдуақасовтың өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының магистрі Фархат Мұстафин 39 жасында «Халық жауы» атанып, 1957 жылы ресми түрде ақталғанын, сонымен қатар зұлмат заманда халқының болашағы үшін басын бәйгеге тіккен Ж. Сәдуақасов туралы жан-жақьы сөз етті. Өзінің қысқа ғұмырында лауазымды қызметтер атқара жүріп халқына адал қызмет еткенін де әңгімеледі. «Желкен»әдеби клубының мүшелері Шархан Өтепқалиев, Нұртілек Сисенбаев халық термесін және «Әлқисса» күйін орындады. Оқырмандар назарына «Ұрпақ жадында жаңғырар есім»атты кітап көрмесі ұсынылды.