Қазақ камералық хор ұжымының концертіне келіңіздер!

7 сәуір күні Өнер орталығы сахнасында Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының қазақ камералық хор ұжымы «БОЛЬШОЙ КОНЦЕРТ» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Ұжымның көркемдік жетекшісі Мербол Қүспанов, хормейстр Аслан Қуатов, концертмейстер ҚР мәдениет саласының үздігі Дина Ниязова. Қазақ камералық хор репертуары әр түрлі жанрдағы шығармаларға өте бай. Концерттік бағдарлама барысында халық әндерімен қатар, қазақстандық және шетел композиторларының әндері мен шығармалары орындалады. Сонымен қатар, филармония әншісі Манзура Сапарова (сопрано), Зару Жазықбаева (фортепиано) қатысады.