«Көп ұлтты Қазақстан-татулық мекені» бейне слайды көрсетілді

3 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында оқырмандарға «Көп ұлтты Қазақстан - татулық мекені» бейне слайды көрсетілді.
Қазақстанда 2018 жыл - Өзбекстан жылы деп жарияланды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңызы зор екенін атап өткен болатын.
Кітапхана қызметкері Б.Хамидуллина Өзбекстан елінде Абай Құнанбаевтың, ал Қазақстанда Әлішер Науаидың шығармалары насихатталып жатқандығы туралы мәлімет ұсынды. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары арасында «Ел, ұлт, отан» сөздерінен сөйлем құрап, мақал-мәтелдер мен даналық сөздерден «Кім жүйрік?» екенін анықтау үшін бірнеше ойындар өткізілді.
Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Өзбекстан елінің тарихы, мәдениеті туралы слайд көрсетілді. «Қазақстан - татулық пен бірліктің ордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.