Басқарма басшысы Ырғыз ауданында болды

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысы Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы Ырғыз ауданында болып, мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті. Мәдениет мекемелерін аралап, олардың материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Кездесуге мәдениет саласының ардагерлері арнайы шақырылды. Аудан мәдениетіне, тарихына, руханиятына орай мәселер жайлы мәдениет ардагері Н.Сәрсенбайұлы өзекті ойларын ортаға салды.
Мәдениет саласындағы мекемелердің ғимараты мен көлік жайын ардагер С.Таңқаев қозғаса, кітапхана желісінің дамуы, ондағы басты мәселелерге Р.Омарова тоқталды.
Кездесуде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызы «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларына айрықша тоқталды және аудан мәдениетінің республика көлеміндегі көрсеткіштері туралы өз ойымен бөлісті.