«Я - изобретатель!» тақырыбындағы бренд класс

2018 жылғы 17 қаңтарда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының «Почемучка» клубының кезекті отырысы Дүниежүзілік өнертапқыштар күніне арналып, «Я - изобретатель!» тақырыбында бренд класс өтті. Шараға «Почемучка» клубының мүшелері - №11 мектептің 4 «Б» класс оқушылары және қонақ ретінде «Каз Роботикс» қалалық шығармашылық техникалық федерациясының вице-президенті Александр Гончаров және Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы қызметкерлері Мальцева Наталья, Тулегенов Максат қатысты.
Александр Гончаров оқырмандарға ақылмен жүретін робот, робот-андроид, робот-легоит және қарапайым үлгідегі жүйіткіп жүретін машиналарды көрсетті.
Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы қызметкерлері 15 жастағы француз өнертапқышы Луи Брайлемнің көзі нашар көретін жандарға арнап шығарған таңбаларымен, жазуға арналған тифлоприборларымен таныстырды. «Изобретатели и остроумные идеи» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. «Негеш» клубының мүшелері дүние жүзіне әйгілі өнертапқыштар туралы мәлімет берді.