Жолдауды талқылады

30 қаңтар күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының библиографтары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын таныстыру мақсатында «Жолдау - жаңғырудың жаңа жолы» атты ақпараттық сағат өткізді. Оған Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Жолдаудағы Мемлекет басшысы алға қойған 10 нақты міндеттің әрқайсысына түсініктеме беріліп, оның тиімділігі мен нәтижелілігі туралы мәлімет ұсынылды.