«Айман-Шолпан» комедиясы театр сахнасында 500-ші рет сахналанды

Ұлтымыз ұлағат тұтып, қазірге дейін бірге алып келе жатқан жырларының бірі, эпостық материал негізін құраған М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясының ұлттық сахна өнерінің тарихында алатын орны бөлек. Бүкіл қазақ театрларының алтын арқауына айналған осы туындыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры қазақ труппасының тобы 2018 жылдың 31 қаңтарында 500-рет сахналанды. Қойылымды көрсетер алдында көрерменге «Айман-Шолпан» спектаклінің тарихы таныстырылып, слайд көрсетілді. Сонымен қатар, көрермен мен актер арасында байланыс орнату мақсатында «Театрдағы жүздесу. Көрерменмен кездесу» деген атпен театр саласындағы өнер адамдары қатысатын сұхбаттың алғашқы тұсаукесері өтті. Сұхбаттың бірінші қонағы «Айман-Шолпанды» Т.Ахтанов театрында 1996 жылы 26 қаңтарында алғаш қойған режиссер Мағзом Бақытжанов болды. Алғашқы қойылымда рөлдерді сомдағандар: Айманды – М.Ілиясова, Шолпанды – Т.Махамбетова, Д.Әденова, Көтібар батырды – Қ.Амантурлин, Маман байды – С.Аманқұлов, Әлібек байды – С.Оразалин, Арыстан батырды – Б.Ержанов, Жарас – О.Бәйсеңгір.
Содан бері бұл спектакль режиссер Д.Құсайынованың қоюымен бірнеше рет қайта жаңартылды. 2017 жылы Астана қаласында өткен "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы мәдени шарада «Айман-Шолпан» қойылымы қайтадан толық жаңартылып, киімдері де батыс өңірі үлгісінде қайтадан тігілді. Мерейтойлы қойылымда рөлдерді сомдағандар: Ж.Кемалбаева (Айман), Ж.Өтеген (Шолпан), Д.Нарман (Маман бай), Ж.Симонов (Көтібар), М.Ерғалиев (Жарас), Т.Қарасаев (Әлибек), К.Кемалбаев(Арыстан), Н.Айтқалиев(Жантык), А.Құдайбергенов(Балпык), Қ.Балдаиров(Қортық), Н.Өтегұлов(Өзбек), А.Өлмесекова(Теңге), Ш.Бакытжанова, Т.Жандыбаева, М.Ілиясова, М.Мұзбаева және т.б.