Ақтөбеге француз музыканттары келді

2018 жылдың 27 қаңтары күні «Жұбановтар әлемі» жаңа мәдени орталығында «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Париж-Ақтөбе: Дебюссиден Жұбановаға дейін» атты концерт өтті. Осы мақсатпен Ақтөбеге әйгілі француз аспапшылары - скрипкашы Юг Борсарелло және виолончелист Готье Эррманн келді. Шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Жұбановтар әлемі» орталығы бірлесе ұйымдастырды. Концерт ұлы композиторлардың шығармашылығына, оның ішінде К. Дебюссиге және Ғ. Жұбановаға арналған. Танымал француз аспапшылары-скрипкашы Юг Борсарелло және виолончелист Готье Эррманн қазақстандық әріптестерімен, тамаша музыканттар - скрипкашы Қаламқас Жұмабаева, скрипкашы Толқын Килибаева және пианист Гаухар Тасбергеновамен бірге өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада қазақ және француз музыканттары отандық композиторлардың, сонымен қатар француз авторларының шығармаларын орындады.
Ұлы композиторлар - К. Дебюсси мен Ғ. Жұбанова шығармашылығына арналған концерт ақтөбеліктердің мәдени деңгейін көтеріп қана қоймай, қазақ және француз әртістерінің шығармашылық байланысын дамытуға, олардың өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізетіні сөзсіз.