Ойыл ауданында өнерпаздар іріктелді

«Ел іші - өнер кеніші» айдарымен әр жанрдағы талантты, өнерлі, дарынды өнерпаздарды іздеу бойынша ауылдық жерлерде іріктеу кезеңдері өтіп, енді аудандық іріктеу жалғасуда.
2018 жылғы 29 қаңтар күні Ойыл аудандық мәдениет үйінде «Ел іші - өнер кеніші» деген атаумен талантты өнерпаздарды іріктеу кезеңінің аудандық туры өтті.
Аудандық іріктеу кезеңіне 73-тен астам өнерпаз қатысты. Қатысушылар аспапта ойнау, дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, би, мәнерлеп оқу, әзіл-сықақ жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Іріктеуден өткен өнерпаздар алдағы уақытта клуб мекемелері жанындағы үйірмелерге және облыс орталығында әр түрлі бағытта өтетін мәдени шараларға қатыстырылатын болады.