Қызығушылық клубтары ашылды

31 қаңтар күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Шексіз кітапхана» жобасы аясында жаңадан ашылған қызығушылық клубтары мен үйірмелердің ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал ету, кітапханада өткізілген шараларға белсене қатысуға тарту арқылы кітап оқуды насихаттау.
Қазіргі таңда кітапханаға оқырмандарды тарту - олардың бос уақытын тиімді пайдалану кітапханада өткізілетін әр түрлі бағыттағы мәдени шараларға қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бүгін «Старт» спорт-денсаулық, «Алтын өлке» өлкетану, «Сырғалым» эстетикалық тәрбие беру, «SHAIN» шығармашылық, «Бүркіт» патриоттық, «Оқырмандар отауы» рухани–интеллектуалды дамыту клубтары мен «Информатика әлемі» үйірмесі ашылып, тұсауы кесілді. Үкіметтік емес ұйымдардың Президенті А.Дюсенова және кітапхана директоры Г.Калдина клубтардың тұсаукесерін өткізді. Сондай-ақ кітапханада бірнеше жылдан бері «Ақ қауырсын» жас ақындар, «Шапағат» қайырымдылық клубтары оқырмандармен белсенді жұмыс жасап келеді. Ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуде жаңаша форматтағы шараларды қолдану - уақыт талабы болып қала бермек.
Шараға жиналған клуб мүшелері, соның ішінде «Шапағат» қайырымдылық клубы құрамындағы мүмкіндігі шектеулі жастар өз өнерлерін ортаға салды. Кітапханаға жиналған жастар көңіл көтеріп, өздеріне ұнаған клубтарға жазылды.Үйірмелер мен клубтар тұрақты және тегін негізде жұмыс жасайтын болады.