«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша тиімді кеңестер берді

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының облыстағы мәдениет мекемелері мен ұйымдарының жұмыс барысымен танысу, саладағы мәселелерді аудан басшылығымен бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыру мақсатындағы іссапары жалғасуда. Бұл жолы басқарма басшысы М.Қорғанбаева Әйтеке би ауданында болды. Қарабұтақ, Аралтоғай, Комсомол селоларындағы мәдениет мекемелерін аралап, олардың материалдық-техникалық жағдайын, жылдық жоспарын зерделеді, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан көлемінде іске асыру бойынша тиімді кеңестер берді.
Сонымен қатар, аудан әкімімен бірге биылғы жылдың маңызды оқиғаларының бірі – Әбілқайыр ханнның 325 жылдығына арналған шараларды өткізу жөнінде сөз өрбітті. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, МҮ-не штат беру, музейлерді экспонаттармен толықтыру, бойынша қойылған сауалдарға нақты жауап қайтарды. Аудан басшылығымен бірге архив, кітапхана ісін дамыту, мәдениет Үйлерін жабдықтау бағытында жұмысты жалғастыру туралы ортақ шешімге келді.