Кітапханашылар ортақ мәселелерді талқылады

26 қаңтар күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапxанасында "Ақтөбе облысының тұрғындарына кітапxаналық - ақпараттық қызмет көрсету және кітапxана ісінің жаңа үрдістері" тақырыбында директорлар кеңесі өтті. Оған облыстық мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Г.Маxанова, облыстық, қалалық, аудандық кітапxана директорлары қатысты. Жиын барысында облыс кітапxаналарының 2017 жылғы есебінің қорытындысы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ауылдық кітапханаларды жаңғырту, Қазақстандық Кітапxаналық Одақ" заңды тұлғалар бірлестігінің құрылуы, кітап қорын мемлекеттік тапсырыспен толықтырудың есебі, кітапxанашылардың біліктілігін арттыру сұрақтары қаралып, кітапxана жұмысындағы шешілмеген мәселелер, ұсыныстар мен шешу жолдары туралы мәселелер талқыланды.