Клуб қызметкерлерінің секциялық семинар отырысы

2018 жылғы 26 қаңтар күні облыстық халық шығармашылығы орталығында (бұдан әрі-ОХШО) облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алқа жиыны аясында «Облыстық клуб мекемелерінің 2017 жылғы жұмыс қорытындысы және 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын талдау» атты секциялық семинар отырысы өтті.
Оған аудандық мәдениет үйлерінің директорлары мен әдіскерлері, әуесқой композиторлар және облыстық Әділет департаментінің өкілі қатысты.
Секциялық семинар барысында мынадай сұрақтар қаралды:
- «Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мен реттеу негіздері",
- «Облыс бойынша әуесқой композиторлардың бірлестігін құру туралы»,
- «Облыстық клуб мекемелерінің 2017 жылғы қорытындысы және 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын талдау».
Бірінші сұрақ бойынша Ақтөбе облысының Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Тимур Үбішев "Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мен реттеу негіздері" тақырыбында авторлық және сабақтас құқықтардың жалпы ұғымы мен қағидалары, авторлық құқықты қолдану және қорғау мәселелері туралы толық мәлімет беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге қатысушы әуесқой композиторлар: Мақсым Меңкешов, Орал Бәйсеңгір, Мұрат Бекмағамбетов, Жолдыбай Айтқұлов, Төлеген Ермеков, Тельман Ермағанбетов, Дулат Айтжанов және басқалары – облыста әуесқой композиторлардың бірлестігін құру туралы ойларымен бөлісті.
Үшінші сұрақпен ОХШО мамандары клуб қызметін жоспарлау, олардың материалдық-техникалық базасы, қызметтің дәстүрлі және инновациялық түрлері мен әдістері, клуб мекемелерінің жұмыстарының жаңару бағыттары туралы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, семинарда ең үздік клуб қызметінің тәжірибесін насихаттау, БАҚ-пен және әлеуметтік желілемен жұмыс жүргізу барысына тоқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша клуб қызметкерлерінің алдына жаңа міндеттер қойылды.
Клуб қызметкерлеріне «Ең үздік сценарийлер» жинағының компакт-дискісі таратылды.