«Ақ айдын» кітабының тұсаукесері өтті

2018 жылдың 24 қаңтары күні Ақтөбе облысы әкімінің бастамасымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жарыққа шыққан жас талапкерлердің «Ақ айдын» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту, дарынды жастардың шеберлігін шыңдап, өнерге, әдебиетке деген ынтасын ояту мақсатында ұйымдастырылған шараны С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырды.
Кешке мәдениет саласының қызметкерлері, өңірдегі ақын-жазушылар, журналистер, зиялы қауым өкілдері, «Шұғыла» шығармашылық орталығы, жас талапкер ақындар қатысты.
«Ақ айдын» кітабына іріктеуден өткен 50 талантты жастың, әдебиеттің ақ айдынында еркін жүзуге талпынған талапкерлер мен жас та болса шығармашылығымен танылып қалған авторлардың өлең-әңгімелерін топтастырды. Қазіргі таңда баспадан 500 данасы шығып, кітапқа өлеңдері енгізілген ақындарға 3 данадан таратылды.
Шара барысында жас ақындар өз туындыларын оқып, өзара ой бөлісті. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Г.Бөрібасова әсем әндер орындап, көрерменнің көңілін көтерді. Жиналғандар «Өлең кернеп барады жүрегімді» атты ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.