А.Толстойдың 135 жылдығына арналды

2018 жылғы 22 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы орыс жазушысы А.Толстойдың 135 жылдығына орай Буратиноның қызықты оқиғалары бойынша «Секрет золотого ключика» атты әдеби қонақжайын №11 орта мектеп-гимназиясының 2 «Б» класс оқушыларымен өткізді. Оқырмандарға библиографиялық шолу жүргізіліп, әдеби викториналық сұрақтар ұсынылды.
Балалар Буратиноның бастан кешкен оқиғалары бойынша шағын көрініс көрсетті.