ОХШО ұжымы мектепте болды

Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала мектептері арасында «Асыл мұра» атты лекция-концертін жалғастыруда.
2018 жылғы 18 қаңтарда шығармашылық ұжымдар Ақтөбе қалалық №18 орта мектептің залында концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
Мақсаты - оқушыларға қазақтың музыка өнерін, ұлттық аспаптарды, оның өкілдерін кеңінен насихаттау.
Лекция-концертті Құрманғазының «Адай», Түркештің «Көңіл ашар» күйлерімен халықтық «Жазира» ұлт-аспаптар ансамблі ашты. Көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет қайраткері, композитор Бақтығали Жұмалин. Шарада Светлана Қабыланова, Нұргүл Рамазанованың орындауларында патриоттық және халық әндері орындалып, халықтық «Назерке» би ұжымы өнер көрсетті.