«Оркестрмен тілдескен дирижер» атты өнер сағаты

17 қаңтар күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор Қайырғали Қожанбаевтың 80 жасқа толуына орай «Оркестрмен тілдескен дирижер» атты өнер сағатын өткізді.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор Қайырғали Қожанбаевтың музыкалық мұрасын, өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға Қ.Қожанбаевтың шәкірттері - А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің директоры Аманжол Исмағұлов, күйші, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, қазанғаптанушы Жайлау Асылханов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Әйтімов қатысып, композитордың музыка саласын жаңа көркемдік дәрежеге көтерген еңбегі және ұстаздық қасиеті туралы әңгімеледі. Кітапхана оқырмандары өнер майталманымен еркін сұхбаттасып, құрмет көрсетті.
№3 балалар музыка мектебі жанынан құрылған оркестр Қ.Қожанбаевтың шығармаларын орындады.
Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнер қайраткерлері туралы сыр төгетін «Саз әлемінің сәулетшісі» кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.