Әскери бөлімдегі мультимедиялық дәріс

16 қаңтар күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқу залы бөлімінің қызметкерлері Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясын насихаттау мақсатында ҚР Ұлттық ұланы 6655 әскери бөлімінде «Қазақстан -2050» стратегиясы – ел дамуының жаңа бағыты» атты мультимедиялық дәріс өткізді.
Шара барысында «Қазақстан -2050» стратегиясы – ел дамуының жаңа бағыты» және 10 қаңтар күні Қазақстан халқына жолдаған кезекті ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаулары талқыланды.