Жолдауды талқылауға арналған ақпараттық сағат

15 қаңтар күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіру мақсатында кітапханашылар мен оқырмандар арасында «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Төртінші өнеркәсіптік революция – бұл жаңа технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басу. Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын халыққа түсіндіру кітапханашылардың да міндеті.
Кітапханашы Ш.Қошанова Елбасы Жолдауының басым бағыттарына тоқталып, оны орындау барша қазақстандықтарға жүктелген міндет екенін жеткізді. «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі К.Ахметов оқырмандарға, кітапхана қызметкерлеріне жолдаудың маңыздылығын түсіндіріп, жолдауда жазылған 10 міндетке тоқталды. Кітапхана қызметкерлері және шараға қатысқан Ақтөбе гуманитарлық колледжінің суденттері Жолдау туралы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша бейнебаян көрсетіліп, «Жолдау - жаңғырудың жаңа жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.