Облыстың үздік өлкетанушылары марапатталды

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша II республикалық форум өтуде. Оған Ақтөбе облысынан мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Қорғанбаева бастап барған делегация қатысуда. Форум барысында осы жоба бойынша еселі еңбек етіп, табысты жұмыстар атқарған бірқатар ақтөбеліктер марапатқа ие болды. "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыруға және өлкенің тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері А.Бисембаев, облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының директоры А.Мамедов ҚР мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері, өлкетанушы Б.Мырзабай мен Байғанин ауданының өлкетанушысы И.Ермекбаев "Үздік өлкетанушы" төсбелгісімен марапатталды.