Хромтау ауданындағы кездесу

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М. Қорғанбаеваның аудандарға жұмыс сапары жалғасуда. 13 қаңтар күні басқарма басшысы Хромтау ауданында болып, осы өңірдегі мәдениет саласының жай-күйін зерделеді және азаматтарды қабылдады. Аудан әкімі А.Бердалинмен бірге мәдениет қызметкерлерімен кездесу өткізіп, олардың кадр мәселесі, "халықтық" атағы бар ұжымдар бойынша есеп беру туралы сауалдарына жауап берді. Кітапханаларды компьютерлендіруді жалғастыру туралы кеңес беріп, Хромтау қаласында мемлекеттік жекешелік әріптестік бойынша салынып жатқан мәдениет орталығына МҮ, аудандық музей мен кітапхананы, аудандық архивті шоғырландыру мәселесін тағы бір мәрте пысықтады.