Басқарма басшысының іссапары Қобда ауданында жалғасты

12 қаңтар күні облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М. Қорғанбаева Қобда ауданына іссапарда болды. Мәдениет мекемелерінің жай-күйімен танысып, саладағы түйткілді мәселелерді, оларды шешу жолдарын аудан басшылығымен бірге пысықтады. Әсіресе, ауданда мәдениет саласын дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтіп, ауданда халық шығармашылығын дамыту, аудан кітапханаларындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген кітаптарды есептен шығару бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ аудан басшылығымен бірге архивке бөлінген ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін оны облыстық коммуналдык меншікке беру мүмкіндігін қарастыру сұрағын талқылады.