Мерзімді басылымдарға шолу жасалды

2018 жылғы 10 қаңтар күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Баспасөз - өмір айнасы» тақырыбымен мерзімді басылымдарға шолу жасалды.
Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.
Мерзімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Қошанова Шынар кітапханаға келіп түсетін баспасөз халықты рухани жағынан байытатын барлық мерзімді газет-журналдармен жеке таныстырып, ел мен елдің арасын байланыстырып, достық қарым-қатынасты орнатудың жаршысы деп, оқырманды газет оқуға шақырды.
Шара соңында оқырмандарға кітапхана қызметкері Қошанова Шынар республикалық, облыстық, аудандық, газет-журналдарға тоқталып өтті.