Ақтөбе облысы әкімдігінің
2013 жылғы ________________
№ ________ қаулысымен
бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына кәулік беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» (бұдан әрі - қызмет) электрондық мемлекеттік қызметін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармасы (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz және «е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.
2. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі -ЭҮП);
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта рәсімделген, тоқтатылған, қайта басталған және әрекет етуін тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендірме нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ МДҚ «Е-лицензиялау»);
4) «электрондық үкіметтің» шлюзі - электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
7) алушы – электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жеке тұлға немесе заңды тұлға;
8) жеке сәйкестендіру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) - жеке тұлға үшiн құрастырылатын бірегей нөмiр, соның iшiнде дербес кәсiпкерлiктiң түрiндегi қызмет орындайтын жеке кәсiпкер;
9) бизнес - сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер және заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);
10) пайдаланушы – қажетті электронды ақпараттық ресурсты алуға және оны пайдалануға ақпараттық жүйеге жүгінуші субъект (тұтынушы, қызмет көрсетуші);
11) транзакциялық қызмет көрсету - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).
13) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
14) мемлекеттік электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
15) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе басқа да кәсіпорындардың құрылымдық бөлімдерінің тізімі (бұдан әрі - ҚФБ);
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет көрсетуші әрекетінің тәртібі
3. Қызмет берушiнiң ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттерi мен шешiмдерi (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) осы Регламенттiң 2 қосымшасында келтiрiлген:
1) алушы ЭҮП - на тiркеудi компьютердiң интернет-браузерiне бекiтiп қойған өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен жүзеге асырады (ЭҮП-ке тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1 - үдеріс – алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушының ЭҮП-на парольдi енгiзуi (авторландыру үдерiсi);
3) 1- шарт – логин (ЖСНБСН) және пароль арқылы (қабылдау процесі) тіркелген тұтынушы туралы мәліметтердің түпнұсқалылығын ЭҮП-да тексеру;
4) 2 - үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, ЭҮП - да авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;
5) 3 - үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде қоса беруі;
6) 4 - үдеріс – тұтынушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2 - шарт - ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сауалда және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСНБСН арасындағы сәйкестендiрме деректерге сәйкес келуiн тексеру;
8) 5- үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
9) 6 - үдеріс – ЭЦҚ көмегiмен сауалдың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) қызмет көрсету үшін куәландыруы (қол қоюы);
10) 7 - үдеріс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-ғы электрондық құжатты (алушының сауалын) тiркеу және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-ғы сауалды өңдеу;
11) 3 - шарт – тұтынушының бiлiктiлiк талаптарына және куәлік беру негiздерiне сәйкестiгiн қызмет берушiнiң тексеруi;
12) 8 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-дағы тұтынушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
13) 9 - үдеріс – тұтынушының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қалыптастырған электрондық мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (порталда мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру) алуы. Электрондық құжат қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен құрастырылады.
4. Қызмет беруші арқылы әрбір қадамдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:
1) 1- үдеріс– қызмет көрсетушi қызметкерiнiң электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ логинi мен паролiн енгiзу үдерiсi (авторландыру үдерiсi);
2) 1 - шарт – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да логин және пароль арқылы қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы мәліметтердің түпнұсқалылығын тексеру;
3) 2 - үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ - да қалыптастыру;
4) 3 - үдеріс – қызмет берушi электрондық мемлекеттiк қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген электрондық мемлекеттiк қызметтердi таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және алушының деректерiн енгiзуi сонымен қатар алушының өкілі сенімхатының деректері;
5) 4 - үдеріс - тұтынушы туралы мәліметтер сұранысының ЗТ МДҚЖТ МДҚ-да ЭҮШ арқылы бағытталуы;
6) 2 - шарт - ЗТ МДҚЖТ МДҚ-да тұтынушы мәліметтерін тексеру;
7) 5 - үдеріс - ЗТ МДҚЖТ МДҚ-да тұтынушы мәліметтерін алуға мүмкіндіктің жоқ екендігі туралы хабарламаның құрылуы;
8) 6 - үдеріс – сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгiлеу бөлiгiнде толтыру және қызмет берушi қызметкерiнiң алушы ұсынған қажеттi құжаттарды сканерлеуi және оларды сауал нысанына бекiтуi;
9) 7 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да сұрау салуды тiркеу және «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қызметтi өңдеу;
10) 3 - шарт - алушының бiлiктiлiк талаптарына және лицензия беру негiздерiне сәйкестiгiн қызмет берушiнiң тексеруi;
11) 8 - үдеріс - «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
12) 9 - үдеріс - алушының «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да қалыптастырған электрондық мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (порталда мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру) алуы. Электрондық құжат электрондық мемлекеттiк қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен құрастырылады.
5. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету бойынша алушының сұранысы деңгейін тексеру әдісі ЭҮП-ның «Қызмет көрсетуді алудың тарихы» бөлімінде сондай-ақ қызмет берушіге өтініш берілген жағдайда жүргізіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
өзара әрекеттесу тәртібінің сипаты
6. Қызмет беру процесіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ;
3) «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ
4) ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ;
5) Қызмет көрсетуші.
Электрондық мемлекеттік қызметтің
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру» Регламентіне 1 қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипатталуы
1
№ әрекеттер
(қимылдар, жұмыстар ағыны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2
ҚФБ атауы
Алушы
ЭҮП
Пайдаланушы
Пайдаланушы
ЭҮП
Пайдаланушы
«Е-лицензиялау» АЖ
«Е-лицензиялау» АЖ
«Е-лицензиялау» АЖ
3
Әрекеттердің атауы (процестің, процедуралардың, операциялардың) және олардың сипаттамасы
ЭЦҚ
тіркеу куәлігін
пайдаланушының компьютерінің интернет-браузеріне
енгізу
Пайдаланушының мәліметтеріндегі бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны
құрады
Қызметті таңдайды және
қажетті құжаттарды
электронды түрде
тіркеу арқылы
сұраныстың
мәліметтерін құрады
Сұранысты
растау (қол қою)
үшін
ЭЦҚ
таңдау
Пайдаланушының
ЭЦҚ
түпнұсқалылығының
бекітілмеуіне байланысты
бас тарту
хабарламасын құрады
ЭЦҚ
арқылы
сұранысты
Растау
(қол қою)
электрондық құжатты (алушының сауалын) тiркеу және сауалды өңдеу
Пайдаланушының мәліметтеріндегі бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны
құрады
Электронды құжат (Порталда мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру)
4
Бітіру
үлгісі (мәліметтер, құжат ұйымдастырушылық – басқарушылық
шешім)
Сұраныстың
сәтті
құрылғандығы туралы
хабарламаны бейнелеп көрсету
.
Сұраныстағы электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы
хабарламаның құрылуы
Сұраныстың
сәтті
құрылғандығы туралы
хабарламаны бейнелеп көрсету
Әрекеттің сәтті аяқталғандығы туралы хабарламаны
бейнелеп көрсету
Сұраныстағы электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы
хабарламаның құрылуы
Сұраныстың
маршрутталуы
Сұраныстағы электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы
хабарламаны құрылуы
Сұраныстың
Маршрутталуы
Өтінішке нөмірдің берілуімен
сұраныстың тіркелуі
5
Орындалу мерзімдері
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
1,5 мин
20- сек
10–15 сек
10–15 сек
1,5 мин
10 жұмыс күні
6
Келесі әрекеттің нөмірі
2-егер мемлекеттік қызметті пайдаланушының мәліметтерінде бұзушылықтар бар болса; 3-егерде қабылдау сәтті өтсе
4
5 – егер төлем жасалмаса, 6 – егер төлем жасалса
7
8– егер ЭЦҚ қате болса, 9 – егер ЭЦҚ қатесіз болса
-
-
2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипатталуы
1
№ әрекеттер
(қимылдар, жұмыстар ағыны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2
ҚФБ атауы
Қызмет беруші
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ
Қызмет беруші
ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ
Қызмет беруші
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ
3
Әрекеттердің атауы (процестің, процедуралардың, операциялардың) және олардың сипаттамасы
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қабылданады
Мәліметтерде бұзушылықтардың бар болуына байланысты
бас тарту
хабарламасын құрады
Қызметтің қызмет берушінің қызметкерімен таңдалуы
ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-да пайдаланушы мәліметтерін тексеруге сұраныстың бағытталуы
Мәліметтерде бұзушылықтардың бар болуына байланысты
бас тарту
хабарламасын құрады
Құжаттардың тіркелуімен сұраныс үлгісінің толтырылуы
«Е-лицензиялау» МБЖ АЖ-де
электрондық құжаттың тіркелуі және«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ–де қызметтің өңделуі
«Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де
пайдаланушының мәліметтеріндегі бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаның
құрылуы
Электрондық құжат (Порталда мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру)
4
Бітіру
үлгісі (мәліметтер, құжат ұйымдастырушылық – басқарушылық өкімдік
шешім)
Сұраныстың
сәтті
құрылғандығы туралы
хабарламаны бейнелеп көрсету
Сұраныстағы электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы
хабарламаның құрылуы
Сұраныстың
сәтті
құрылғандығы туралы
хабарламаны бейнелеп көрсету
Сұраныстың
маршрутталуы
Сұраныстағы электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы
хабарламаның құрылуы
Сұраныстың
сәтті
құрылғандығы туралы
хабарламаны бейнелеп көрсету
Өтінішке нөмірдің берілуімен жүйеде
сұраныстың тіркелуі
Сұраныстағы электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы
хабарламаның құрылуы
Электрондық
куәлік
5
Орындалу мерзімдері
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
10–15 сек
10-15 сек
20 сек
10 жұмыс күні
6
Келесі әрекеттің нөмірі
1 - Қызмет берушінің қызметкерінің логині мен паролі мәліметтерінің түпнұсқалылығын «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тексеру
4
5– егер пайдаланушының мәліметтерінде бұзушылықтар бар болса;
6– егер қабылдау сәтті өтсе
-
7
8–егер сұраныс бойынша мәліметтер «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де жоқ болса, 9 –егер сұраныс бойынша мәліметтер табылса
-
-
Электрондық мемлекеттік қызметтің
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру» Регламентіне 2 қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайдағы функционалдық әрекеттестіктің 1 диаграммасы
Жұмыс беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайдағы функционалдық әрекеттестіктің 2 - диаграммасы
Бастапқы хабарлама
Аяқтаушы хабарлама
Аралық хабарлама
Аяқтаушы қарапайым оқиға
Қате
Оқиғалар-таймерлер
Ақпараттық жүйе
Үдеріс
Шарт
Басқару ағыны
Хабарламалар ағыны
Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат
Шартты
белгілер
Электрондық мемлекеттік қызметтің
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру» Регламентіне 3 қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің: «сапа» және «қол жетімдік» көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама нысаны
____________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне қанағаттандыңыз ба?
1) қанағаттанбадым;
2) ішінара қанағаттандым;
3) қанағаттандым.
2. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?
1) қанағаттанбадым;
2) ішінара қанағаттандым;
3) қанағаттандым.