Облыс әкімі мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Жаңа жыл қарсаңында, 28 желтоқсан күні Өнер орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында облыс әкімі Б.Сапарбаев салтанатты түрде бірқатар мәдениет саласының қызметкерлеріне мәдениет және спорт министрлігінің наградаларын, облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваға "Экспо-2017" халықаралық көрмесі аясында Ақтөбе облысының мәдениет күндерін жоғары деңгейде өткізгені үшін мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты берілді. Облыс әкімі сондай-ақ "Свет" рок тобын 30 жылдығымен құттықтап, мәдениет саласының үздігі белгісімен 4 өнер адамын марапаттады. Шара барысында жоғары көрсеткіштері үшін бірқатар мәдениет мекемелері мен ұйымдары да марапатқа ие болды.
Облыс әкімінің ресми кездесуінен соң, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Ақтөбелік 19 қолөнер шебері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Ақтөбе облысының күндері аясында көрме ұйымдастыруға атсалысқаны үшін облыс әкімінің орынбасары Е. Нұрғалиевтің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева бірқатар облыстық мекемелер мен қалалық, аудандық мәдениет бөлімдерінің басшыларына жыл бойы өткізілген көлемді мәдени шараларға белсене қатысқандары үшін Алғыс хаттар табыстады.
Сондай-ақ басқарма басшысы қалалық мәдениет Үйін 40 жылдығымен құттықтады, шара өнер ұжымдарының мерекелік концертімен жалғасты.