Жаңа үлгідегі ауылдық кітапханалар қатары көбейді

Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні "Мұғалжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ-не қарасты Сағашилі ауылдық кітапханасы "Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы" болып ашылды. Мақсаты - оқырмандарға заманауи үлгіде қызмет көрсету, интернет желісі арқылы қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Бұл - аудан бойынша оныншы ауылдық модельді кітапхана.
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Сағашилі ауылдық кітапханасына 200,0 (екі жүз мың) теңгеге жиһаздар, 430,0 (төрт жүз отыз мың) теңгеге компьютер жиынтығы мен модем алынып, кітапхана интернет желісіне қосылды. Кітапхананың салтанатты ашылу рәсіміне Мұғалжар аудандық маслихат хатшысы Н.Қалиева, С.Бəйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Қ.Раймбаева, Мұғалжар аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Байтақов, Сағашилі ауылдық округінің əкімі А.Медеуова жəне тұрақты оқырмандар, ауыл тұрғындары мен кітапханашылар қатысты. Сонымен қатар Мұғалжар ауданының əкімі Е.Данағұловтың Сағашилі ауылдық кітапханасына "Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы" сертификаты табысталды.
С.Бəйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының атынан Сағашилі ауылдық кітапханасына кітаптар тарту етілді.