Архивтегі тарихи-танымдық шара

2017 жылдың 15 желтоқсанында Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві № 38 орта мектебінің 10-11 класс оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қүні мерекесіне арналған құжаттық көрме және тақырыптық экскурсия жүргізілді.
Мақсаты: оқушыларға құжаттар негізінде Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздегі өзгерістер туралы мәліметтер беру, архив жұмысы регламентімен, ғылыммен айналысу барысында құжаттармен жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.
Көрермендерге «Ақтөбе тарихы тәуелсіздік жылдарында» тақырыбындағы құжаттық көрме арқылы облыстың экономикалық-мәдени дамуын баяндайтын құжаттар топтамасы ұсынылды. «Тәуелсіз елдің болашағы» атты тақырыптық экскурсия барысында архив қызметкері Б.Ешмұратова оқушыларға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің тарихы, атқаратын қызметі, архив ісінің мемлекеттік маңызы туралы мәлімет беріп, қор сақтау бөліміне шолу жасады.