Ғажайып жүздесу

Халықаралық мүгедектер күніне орай 4 желтоқсанда Ақтөбе облысы есту қабілеті нашар балаларға арналған колледж интернаты С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып «Сиқырлы ғажайып жүздесу» атты шара өткізді. Шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен шешімін күткен ауқымды мәселелеріне қоғам назарын аудару, олардың әлеуметтік ортадағы экономикалық мәдени белсенділіктерін айқындап, жас ұрпаққа насихаттау. Шара барысында арнайы (түзетім) мектеп оқытушылары мен сурдопедагогтары өз шығармашылық тәжірибелерімен бөлісіп, «Перфоманс - арттерапияның жаңаша бағыты», «Нүктелік ерекшелік» жобаларымен таныстырды, слайд пен видеороликтер көрсетті. Сонымен қатар, мектеп оқушылары «Біз ерекшеміз» әнін қимылмен орындап, флешмоб биледі.