Патриоттық орталықтағы мерекелік кеш

1 желтоқсан күні «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы мұраты – Ел бақыты» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Бұл шараға Әлия ауылында тұратын Президент құрдастары, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты. Бұлақ ауылдық округінің әкімі Жантөре Жанабергенұлы тұрғындарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Шара барысында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Б.Тупенова мерекемен құттықтап, Президент құрдастарына сыйлықтар табыс етті.
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің директоры Б.Басыгарина Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген шараларда жүлделі орын алған оқушыларды марапаттады.
Кеш соңында қонақтар Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің оқушылары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.