Конференцияға құжаттық көрме жабдықталды

30 қарашада Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Жұбанов тағылымы» атты дәстүрлі ІХ халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Осы шара аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві «Тарих таңбасы архив құжаттарында» атты құжаттық көрме ұйымдастырды.
Мақсаты: Көрермендерге Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві қорларында сақталған,құнды құжаттармен таныстыру, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, Отандық тарихқа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру.
Шараға қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ардагерлер, өлкетанушылар, тарихшылар, студенттер мен оқушылар қатысты.
Көрмеде Ақтөбе облыстық мемлекеттік архив қорларында сақталған 1928-1929 жылдардағы «Кедей»газеті, Қ.Жұбановтың «Жаңа әліппе сабақтары» (араб қарпі) және осы мақалалардың кириллицадағы нұсқасы, Ақтөбе педагогикалық институтының ашылуы жөнінде 1966 жылғы 19 ақпандағы Ақтөбе облыстық еңбекші депутаты кеңесінің атқарушы комитетінің №8б қаулысы, Ақтөбе педагогикалық институтына Құдайберген Жұбановтың есімін беру жөніндегі КСРО Кеңес министрлігінің №72 қаулысы (23 ақпан 1990 жыл), Алаш Орда партиясының тарихы жөнінде сыр шертетін құнды құжаттар көрермен назарына ұсынылды.